[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Рефераты » Рефераты на Казахском языке » Қожа Ахмет Йасауи (1093-1166) (Қожа Ахмет Йасауи (1093-1166))
Қожа Ахмет Йасауи (1093-1166)
ilimДата: Понедельник, 24.10.2011, 21:57 | Сообщение # 1
Генералиссимус
Группа: Администраторы
Сообщений: 680
Награды: 17
Репутация: 4
Статус: Offline
Қожа Ахмет Йасауи (1093-1166)


Қожа Ахмет Йасауи - сопалық поэзияның негізін салушы ақын, күллі күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған ұл ойшыл, діни қайраткер тұлға. Мединада-Мұхаммед, Түркістанда - Қожа Ахмет Йасауи деген қанатты сөздің өзінен-ақ кезінде оның қандай қадір-құрметке бөлінгенін аңғаруға болады. Әкесі Ибраһим Махмұд Сайрамда жасаған ғұлама кісі болыпты.
Қожа Ахмет Йасауи Түркістан қаласында дүниеге келген. Шешесі ертерек өледі де, жеті жасында әкесі дүниеге салады. Бала Ахметтің басты ұстазы, тәрбиешісі аталас туыс боп келетін Арыстанбаб екен. Ол өмірден қайтқаннан кейін 17 жасында Қожа Ахмет Йасауи Йасы қаласына келеді. Дәл осы кезден бастап Ахмет Йасауи араб, шағатай, парсы, түркі тілдерінде өлеңдер жаза бастайды. Шығыс поэзиясы мен әдебиетіне көңіл қояды. Кейін Бұхарада Имам Жүсіп Хамаданидың діни медресінде оқиды. Оны тәмәмдаған соң сопылық жолдың біраз ащы тұщысын татып, көптеген қалаларды аралап, туған шаһары Түркістанға қайтып оралады да, Арыстанбаб қалап кеткен дәстүрді жалғастырады.Осында ол ислам дүниесі кең таныған кемеңгерге айналады... Ал 63 жасынан бастап қалған өмірін жер астында, яғни қылуетте өткізеді. Бұны Ахмет Пайғамбар белгілеген мерзімнен артық өмір сүрудің керегі жоқ,-деп түсіндіреді. Қанша жыл ғұмыр кешкені жөнінде әртүрлі деректер бар.Бір деректе 73 жыл, келесілерінде 85 жас деп берген. Әмір Темірдің бұйрығымен XIV ғасырда Әзірет Сұлтан рухына арналып, Түркістанда архитектуралық ескерткіш орнатылды. Қожа Ахмет Йасауи мазарын тұрғыза бастағанда,қара дауыл қабырғаларын ұшырып әкетеді.


www.ilim.kz
 
Форум » Рефераты » Рефераты на Казахском языке » Қожа Ахмет Йасауи (1093-1166) (Қожа Ахмет Йасауи (1093-1166))
Страница 1 из 11
Поиск: